Астанада «Жастар - тәуелсіздік тірегі» жастар фестивалі өтеді

11 Желтоқсан, 2013 16:30
13 желтоқсанда Астанада «Жастар» сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жастар - тәуелсіздік тірегі» жастар фестивалі өтеді, деп елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Елордалық жас жұлдыздар түрлі жанрдағы өнерлерін ортаға салады: «Патриоттық ән», «Халық әні», «Қазіргі заманғы би», «Сәулет» және «Сәндік-қолданбалы өнер»», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, бұл күні еріктілер мен ЖОО мен колледждердің жастар істері комитеттерінің төрағаларының үздіктері анықталады. Қазылар алқасының құрамына ҚР мәдениет және өнер қайраткерлері кіреді. Жас көшбасшылар мен өз еркімен келгендерге дипломдар мен естелік сыйлықтар беріледі. Айта кетейік, аталған іс-шара шығармашылық өсу және ЖОО, колледж студенттерін және кішкентай дарындарды дамыту алаңы болып табылады. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар