• Басты
  • Ұлт жоспары: Қазақстанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы жақсарды
29 Желтоқсан, 2016 11:47

Ұлт жоспары: Қазақстанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы жақсарды

Қазақстанда мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы жақсарып, мерзімі қысқарды, сондай-ақ барлық процестердің ашықтығы артты, деді Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Ұлт жоспарының «Есепті мемлекетті қалыптастыру» атты бесінші бағытының орындалу барысын қарау жөніндегі жұмыс тобы отырысының барысында.
Ұлт жоспары: Қазақстанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы жақсарды | Strategy2050.kz

Парламент Сенатында хабарлағандай, отырыста Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмаларын іске асыру бойынша тиісті мемлекеттік органдар өкілдерінің есептері тыңдалды.

Б. Бекназаров өз сөзінде атқарылған жұмыс қорытындыларын жасады. Атап айтқанда, ол мемлекеттік жоспарлаудың шағын жүйесін қалыптастыру аясында 16 салалық бағдарламаның ішінде 11 бағдарламаның күші жойылатынын, ал 5 бағдарлама әлеуметтік-экономикалық маңыздылығына байланысты үкіметтік бағдарламаларға өзгертілетінін атап өтті. Бағдарламалық құжаттардың негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында оларды әзірлеу процесіне қойылатын талаптар күшейтілген.

Сенат вице-спикері Есеп комитеті мен қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы олардың сараптамалық-талдау құрамын күшейте отырып, әлемдік аудиторлық компаниялардың моделі бойынша жүргізілетінін хабарлады.

Б. Бекназаровтың айтуы бойынша, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының қабылдануы маңызды қадам болды, оған сәйкес азаматтардың заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты еркін алуға және оны таратуға конституциялық құқығы іске асырылады.

Баяндамада «ашық Үкіметтің» енгізілуі тиісті бағасын алды. «Ашық Үкіметтің» төрт компоненті іске қосылды: «Ашық деректер», «Ашық НҚА», «Ашық бюджеттер» және «Ашық диалог», олар арқылы мемлекеттік органдардың деректеріне және бюджет қаражатының жұмсалуы туралы ақпаратқа қолжетімділік ашық, сондай-ақ азаматтардың заң жобаларының тұжырымдамалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға қатысуы қамтамасыз етіледі.

Бұдан бөлек, вице-спикер бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының 530  мемлекеттік қызметті «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетуінің арқасында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының жақсарғанын және мерзімінің қысқарғанын, сондай-ақ барлық процестердің ашықтығы артқанын атап өтті.

Б. Бекназаров министрлер мен барлық әкімдердің ағымдағы жылы халықпен өткізген есепті кездесулері олардың халық алдындағы жауапкершілігі мен есептілігін арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Сонымен қатар Б.Бекназаров қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін орындауды талап ететін бірқатар мәселелерді де атап өтті. Осы барлық бағыттар бойынша жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды