- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев Ақтөбе облысының үздік үкіметтік емес ұйымдарын марапаттады
Б.Сапарбаев Ақтөбе облысының үздік үкіметтік емес ұйымдарын марапаттады
Өңір басшысының алғыс хаттарына 12 адам ие болды. Олардың қатарында үкіметтік емес ұйымдарының басшылары, ақпараттық топ және облыстың қоғамдық кеңес мүшелері бар.
“Үкіметтік емес ұйымдар көп ретте бізге, әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуге көмек береді. Сіздердің осы жылы атқарған үлкен қоғамдық жұмыстарыңыз бен қызметтеріңіз үшін алғысым шексіз. Ағымдағы жылы, өңір басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде облыстың қоғамдық кеңесі құрылған болатын. Ақтөбе мен облыс аудандарындағы ең өзекті мәселелерді қозғайтын мекеме өзінің тиімділігін көрсетті. Сіздер игі істер жасап жатсыздар, сіздердің қоғам үшін еткен еңбектеріңізге алғысым шексіз”,-деді жиналғандарға Бердібек Сапарбаев.
Ақтөбе облысында 600-ге тарта коммерциялық емес ұйым тіркелсе, олардың 100-ге жуығы белсенді қызмет етуде. Жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру көлемі артып келед. 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сомасы 123 млн. теңгені құрады. Ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 216 млн. теңгені құрап, 75% өсті.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері 25 кеңесші органдардың, жергілікті атқару органдары жанындағы қоғамдық кеңестердің құрамына кіре отыра өңірдің түрлі өзекті қоғамдық-саяси шешімдеріне белсенді араласады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес»