- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақастанда тозығы жеткен көліктерді сатып алу бағдарламасы 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап толығымен іске қосылады
Қазақастанда тозығы жеткен көліктерді сатып алу бағдарламасы 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап толығымен іске қосылады
«2017 жылдың 4-15 қаңтар аралығында көне көліктерді бағалау және қабылдауды жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Осы ретте ӨКМ Операторы ҚР ІІМ әкімшілік полиция Комитетімен бірлесіп, көлік құралдарын жою мақсатында есептен шығару жөніндегі жалпыға ортақ анықтама құжат бекітеді», - деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Сондай-ақ халыққа ыңғайлы болу үшін ӨКМ Операторы ҚР энергетика Министрілгімен және Республикалық нотариалдық палатамен бірлесіп, көлік құралын жоюға өткізуге сенім білдіру жөніндегі ортақ үлгі енгізетін болады. Және де ӨКМ Операторы «Қазпошта» АҚ (жеке және заңды тұлғаларға есептік шот ашу үшін) келісімге қол жеткізді. 2017 жылдың 4 мен 15 қаңтар аралығында электронды кезек жүйесі енгізіліп, ескі көліктерді жинайтын мобильді бекет кестесі жасалады. Сондай-ақ тозған көліктерді қабылдау және бағалу жұмысы жетілдіріледі.
Айта кету керек, 2016 жылдың 21 қарашасынан бастап жүзеге асырылған пилоттық жоба аясында еліміз бойынша 4774 ескі көлік қабылданды (21 қараша мен 27 желтоқсан аралығында).
Көрнерген көліктерді қабылдау бойынша Шымкент қаласы көш бастады. Бір айдан астам уақытта аталған қаладан - 661 автокөлік жиналды. 672 көлік өткізген Қостанай екінші орында. 412 машина тапсырған Ақтөбе қаласы үштікті түйіндеген.
Жою мақсатында қабылданған автокөліктердің орташа жасы 25-30 жыл аралығын қамтиды. Тозған көліктерді өткізуді ынталандыру Бағдарламасы іске қосылғалы бері қабылданған 4772 көлік бірінші санат (150 мың теңге) бойынша бағаланды. Тапсырылған көліктердің арасында тек 2 автокөлік екінші санатқа (48 мың теңге) жатқызылған.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары