Тимур Сүлейменов Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды

28 Желтоқсан, 2016 17:43
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Т.М. Сүлейменовті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын», - делінген Жарлықта.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен  Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды.

Барлық жаңалықтар