Қайрат Әбдірахманов Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды

28 Желтоқсан, 2016 17:39
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Қ. Әбдірахмановты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен босатылсын.

Сондай-ақ,  Елбасының Жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылды.

Барлық жаңалықтар