• Басты
  • ШҚО-да 4 мыңға жуық жылжымайтын мүлік нысаны жария етілді
28 Желтоқсан, 2016 18:41

ШҚО-да 4 мыңға жуық жылжымайтын мүлік нысаны жария етілді

Акция қорытындылары бойынша өңір тұрғындары 14 млрд 248 млн 722 мың теңгеге 3967 жылжымайтын мүлік нысанын жария етті, деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.
ШҚО-да 4 мыңға жуық жылжымайтын мүлік нысаны жария етілді

«Осы  акция тіркелмеген үйлер мен саяжайларды, коммерциялық нысандарды заңдастыруға, салық салудан жасырылған және «көлеңкелі айналымға» әкетілген мүлік пен қаражатты ұсынуға жақсы мүмкіндік болды. Осы ретте заңдастыру субъектілеріне заңдастырудың барынша оңайлатылған, қолжетімді тәсілдері және бірқатар кепілдіктер берілді», - делінген хабарламада.

Жүргізілген жария ету қорытындылары осы акцияның артықшылықтарын негізінен тіркелмеген мүлкін заңдастырған жеке тұлғалар пайдаланғанын көрсетті. Жалпы облыс бойынша екі жылдан астам уақыт ішінде 6647 өтініш берілген.

Шығыс Қазақстанда жалпы құны 14 млрд 248 млн 722 мың теңгені құрайтын 3967 жылжымайтын мүлік нысаны жария етілген, соның ішінде 1302 тұрғын үй, 2375 үй мен саяжай, 283 коммерциялық нысан.

30 желтоқсанға дейін комиссияның қарауында жылжымайтын мүлікті жария етуге арналған 1914 өтініш бар.

Еске сала кетейік, Қазақстанда мүлік пен капиталды жария етуге құжаттарды қабылдау аяқталды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды