- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте 70 отбасы баспаналы болды (ФОТО)
Шымкентте 70 отбасы баспаналы болды (ФОТО)
Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев осы күні 70 отбасыға пәтер кілтін табыстап, жас отбасыларды жаңа қоныстарымен құттықтады.
«Көптен күткен қуанышқа қол жеткізген жас отбасылар енді жаңа жылды жаңа қоныста қарсы алмақ. Бүгінде елімізде жастардың білім алуына түрлі жағдайлар жасалып, жұмыспен және тұрғын үймен қамтылу үшін кешенді бағдарламалар жүзеге асуда. Бұл өз кезегінде Елбасының жастарға жасаған қамқорлығының бір парасы ғана»,- деді әкім.
Әлеуметтік нысан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып, пәтерлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жас отбасы санатына жататын отбасыларға сатып алу құқығымен жалға беру арқылы жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы желісінің «Жас отбасы» бағыты бойынша 328 жас отбасы өтінім беріп, оның ішінде төлем қабілеттігін растаған 216 жас отбасыны тұрғын үймен қамту көзделіп отыр.
Бүгінде 90 азамат жолдаманы электронды түрде алып, 73 азамат төлем қабілеттігін растаған. Бағдарламаға қатысуға өтінім берген қалған жас отбасылар алдағы уақытта тұрғын үймен қамтылатын болады.
Еске салсақ, аталған бағдарлама аясында 2014 жылы 84 отбасы, 2015 жылы 270 жас отбасы баспанамен қамтылып, қоныс тойларын тойлаған.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары -
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды -
ҚР-дағы вакцинациялау: 700-ден астам дәрігер екпе салдырды