- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев Марокко СІМ Бас хатшысын қабылдады
Қ.Тоқаев Марокко СІМ Бас хатшысын қабылдады
11 Желтоқсан, 2013 16:15
ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Марокконың Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Нассера Буритуді қабылдады. Буриту осы елдің Кеңесшілер Палатасының төрағасы Мұхаммед Аш-Шейх Биядилланың жолдауын жеткізді, деп хабарлайды жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.
«Қазақстан Марокко Корольдігімен жан-жақты байланыстардың дамуына үлкен мән береді. Біз Марокконы Солтүстік Африкадағы беделді елдердің бірі ретінде танимыз», - деді Тоқаев. Спикердің айтуынша, екі ел арасындағы парламентаралық тікелей байланыстар екі жақты әріптестіктердің халықаралық деңгейде тереңдеуіне жол ашпақ.
Кездесу барысында Қ.Тоқаев Марокконы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне ат салысуға шақырды және Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігне өтуге қолдау көрсеткеніне алғыс білдірді.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Марокко Королі VI Мұхаммед бастамаларындағы Ислам әріптестігі ұйымы аясында әріптестік пен аймақаралық диалогтың даму мәселелерін талқылады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда