- Басты
- Жаңалықтар
- Оралда 300 орындық көп салалы аурухана ашылды
Оралда 300 орындық көп салалы аурухана ашылды
Алдағы 2017 жылы тағы 15 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткізіледі деп жоспарлануда, бұған бюджеттен қажетті қаражат бөлінеді. Бұдан басқа алдағы жылы тағы бір жаңа емхана ашуды көздеп отырмыз. Осының бәрі медициналық қызмет сапасын арттырып, халықтың сапалы дәрігерлік көмек алуы үшін жасалып жаты
Осы жұмыстардың барлығы облыс тұрғындарының игілігі үшін жасалуда. Ауырып қалған жағдайда, тұрғындар басқа жерлерге бармай, осы замануи құрал-жабдықтармен жабдықталған ауруханада қаралсын, неден ауырып тұрғанын осы жерде анықтап, сапалы ем-домын жергілікті ауруханалардан алсын деп жатырмыз. Статистикалық деректерге сүйенсек, 1993 жылы бюджеттен облыстың денсаулық сақтау саласына 24 млн. теңге бөлінсе, биыл жыл қорытындысы бойынша 28 млрд. теңге бөлінді.
Осыдан кейін Алтай Көлгінов аурухана ауласында тұрған жедел жәрдем және реанимобиль аутокөліктерінің кілтін иелеріне табыс етті. Нақтырақ айтсақ, 9 реанимобиль аутокөлігі қалалық жедел жәрдем стансасына, 6 реанимобиль аутокөлігі қалалық емханаларға және 6 «УАЗ» маркалы аутокөлік облыс аудандарына берілді. Бұдан кейін көп бейінді қалалық аурухананың ашылу рәсіміне орай, денсаулық саласына ұзақ жыл қызмет еткен еңбек ардагерлері Бақтығали Ахметов пен Тамара Чеусова лента қиды.
Салтанатты рәсім аяқталған соң жиналғандар жаңа аурухананың ішіне кіріп, ондағы арнайы қызмет көрсету бөлмелерімен және құрал-жабдықтармен танысты. Мұндағы кардиология, токсикология, ота жасау және жансақтау бөлімі, пульмонология, сәулелі диагностика және рентген бөлмесі, шынымен де ең замануи құрал-жабдықтармен жасақталыпты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аурухана 8 негізгі және 5 көмекші корпустардан тұрады. Аурухана құрылысына жергілікті және республикалық бюджеттен 8,2 млрд. теңге бөлінген. Және денсаулық сақтау нысандарына берілген 56 автокөлікті сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 471 млн. теңге жұмсалған. 300 орындық аурухана ресейлік, жапондық, германиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Мұнда МРТ, компьютерлік томография, видеоскоп, мобильді рентген жүйесі, және тағы басқа да заманауи құрал-жабдықтар ел игілігіне қызмет етпек. Тағы бір айта кетерлік жәйт, мұндағы жұмыс орындары автоматтық жүйемен толық қамтамасыз етілген.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды