- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте 90 отбасыға пәтер кілті табысталды (ФОТО)
Шымкентте 90 отбасыға пәтер кілті табысталды (ФОТО)
Бұл пәтерлер сала мамандарына қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде пайдалануы үшін беріліп отыр.
Игі шара барысында облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Елбасымыздың жолдауында міндеттелген тапсырмалар аясында алдағы жылдары да халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
«Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында жаңа пәтерге қол жеткізіп отырсыздар. Осы сәт сіздердің өмірлеріңіздің жарқын кезеңі болсын. Жаңа жылда жаңа қоныстарыңыз жайлы да, берекелі болуына шын жүректен тілектеспін»,-деді облыс әкімі.
Шымкенттегі әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан 5 қабатты 2 тұрғын үйдің жалпы ауданы 6024 шаршы метрді құрайды. Облыс бюджетінен 717,5 млн теңге бағытталған тұрғын үйдің құрылысын «ҚазмедеоГранд» ЖШС жүргізген.
Айта кетейік, былтырғы жылы облысымызда мемлекеттік және бюджеттік сала мамандарына 51 қызметтік пәтер берілді. Сондай-ақ, 2015-2016 жылдары Шымкентте «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары аясында 80 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 5420 отбасы қоныс тойын тойлады.
-
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті -
Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электронды форматқа ауыспақ -
Жүрегінде ақауы бар 90 жастағы әжей ауыр дәрежедегі пневмония ауруын жеңіп шықты -
Шымкентте пневмониямен ауырған 6340 науқас тіркелді -
ВИДЕО: Шымкентте науқастарды емдеген 9 дәрігер пневмониядан көз жұмды -
Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті -
Шымкентте 11 байланыс станциясы орнатылады -
А.Сатвалдинов: Арыс инфрақұрылымының 90% қалпына келтірілді -
Шымкентте 1000-нан астам отбасы баспаналы болмақ -
Шымкенттегі шағын аудандар сапалы интернетпен қамтылады -
Шымкентте кәсіпкерлерге жаңа форматта қызмет көрсететін кеңсе ашылды -
Шымкентте жылыжай кешені салынады