- Басты
- Жаңалықтар
- Биылғы жылдың 11 айында Қазақстанның қан қызметі 171 мың литрден астам қан дайындады
Биылғы жылдың 11 айында Қазақстанның қан қызметі 171 мың литрден астам қан дайындады
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған кезеңде медициналық ұйымдарға 153 мың 237 дозадағы эритроциттер, 130 мың 820 дозадағы жаңа мұздатылған плазма, 30 мың 400 дозадағы тромбоциттер берілді.
Ағымдағы жылдың 11 айында 191 мың 130 адам қан тапсырды. Қан донациясы мен оның құрамының жалпы саны 243 мың 257 болды, оның ішінде 85% - қан, 10% - плазма, 5% - жасушалар. Аталған мерзімде ерікті донация көрсеткіші ұлғайып, 58%-ды құрады (2015 жылы 55% болған), туыстық донация 34% болды, бұл 2015 жылдың деңгейінде, ал ақылы донация 8% болды.
Донация трансмиссиялық инфекциялар маркерлерін диагностикалаудың екі кезеңдік әдісімен 100% қамтылды (антиденелерді + инфекциялық агенттердің антигенін анықтаудың иммунологиялық әдісі мен вирустық РНК/ДНК анықтаудың молекулярлық-генетикалық әдісінің қосындысы). Донорлық қанның трансфузиялық инфекциялар маркерлерінің скринингі халықаралық стандарттарға сай жетілдірілді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда республикада қан қызметі саласында 18 ұйым жұмыс істейді: Трансфузиология ғылыми-өндіріс орталығы, Республикалық қан орталығы,16 облыстық қан орталықтары, Алматы мен Семей қалалық қан орталықтары.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі