- Басты
- Жаңалықтар
- Астана тұрғындары әскери-техникалық мамандықтар бойынша тегін оқу мүмкіндігіне ие болды
Астана тұрғындары әскери-техникалық мамандықтар бойынша тегін оқу мүмкіндігіне ие болды
Департаментте хабарлағандай, курстар әскерге алынатын 17,5 және одан жоғары жастағы адамдарға арналған.
Оқудан өтуге ниеті бар жастар үш мамандықтың бірін таңдай алады: В, С және С1 категориясы бар әскери көлік жүргізуші, әскери көлік жүргізуші-электромеханик және әскери көлік жүргізуші-автокраншы. Оқыту Қарағанды және Көкшетау қалаларында ҚР Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектеп» РМҚК филиалдарының базасында жүргізіледі және алты айға есептелген.
«Осы жастағы жастар жуық уақытта міндетті әскери қызметтен өту үшін әскерге шақырылады. Ал олар әскерге шақырылғанға дейін әскери-техникалық мамандықты меңгеріп, қызметті соған сәйкес өту мүмкіндігіне ие болады. Осылайша, олар алған білімдерін практикада бекітіп, мамандықты жақсы меңгеріп алады. Әскерден кейін бұл оларға жұмысқа орналасуға көмектеседі», - деп түсіндірді Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің әскерден тыс дайындық бөлімінің бастығы, капитан Ерболат Жүсіпов.
Бұдан бөлек, оның айтуы бойынша, егер жүргізуші С категориясын 21 жасқа толғаннан кейін ғана ала алса, мұнда ол осы категорияны 18 жасында ала алады.
Оқу тегін негізде өтеді. Оған қоса, курсанттарға казармада тәулік бойы тұру және күніне үш рет тамақтану мүмкіндігі тегін беріледі. Оқуға қабылдау медициналық комиссиядан өткеннен кейін жүргізіледі.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары