• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 2017 жылдың қаңтарынан бастап 83 елдің азаматтарына визасыз режим енгізіледі

Қазақстанда 2017 жылдың қаңтарынан бастап 83 елдің азаматтарына визасыз режим енгізіледі

27 Желтоқсан, 2016 12:36
Қазақстанда 2017 жылдың қаңтарынан бастап 83 елдің азаматтарына визасыз режим енгізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

«Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі,  Алматыдағы Универсиада  қарсаңында  барлық келетін қонақтарға қолайлы жағдай жасау мен  Сыртқы істер министрлігінің инвесторларды тартуға жағдай жасау мақсатында  визалық режимді жеңілдету мен  көші-қон бақылауының тиімділігін арттыру қарастырылуда. Бір реттік іскерлік, жеке және екі реттік туристік визаны  48 елге беру қарастырылып отыр», - деді  министр.

Бүгінгі таңда  Қазақстанға визаның рәсімделуінсіз 19 елдің азаматы келе алады.

«2017 жылдың  1 қаңтарынан бастап  45 ел мен ЭЫҰ мен ЕО, БАӘ, Малайзия, Сингапур, Монако Королдігі  Қазақстанға  30 күнге дейін визасыз режиммен келуге мүмкіндік алады», - деді Е.Ыдырысов.

Оның айтуынша, өткен аптада  дипломатиялық конкурс  пен БАҚ өкілдеріне 2017 жылдың  1 қаңтарында күшіне енетін жаңа визалық тәртіптің ережелері түсіндірілді.

«Визалық режимді либерализациялау ұлттық қызығушылықты ескерумен жүзеге асырылды. Аталған мемлекеттерден басқа, тағы  19 ел екіжақты келісілген құжаттар бойынша визалық тәртіптен босатылды», - деді ведомство басшысы.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар