- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ Қазақстандағы локомотив шығару зауытын дамыту мақсатында американдық инвесторды тартты
ҚТЖ Қазақстандағы локомотив шығару зауытын дамыту мақсатында американдық инвесторды тартты
Тиісті мәмілелер аяқталған соң, «ҚТЖ» ҰК» АҚ локомотив құрастыру зауытындағы «General Electric Transportation» үлесі «Трансмашхолдинг» ЖАҚ үлесімен тең деңгейде болады.
Көлік машинасын жасау саласындағы әлемдік жетекші «General Electric Transportation» компаниясы арасындағы серіктестік жаңа кәсіпорынның соңғы үлгідегі технологияға орай өнімдер шығаруына тікелей инвестиция тартуға қауқарлы.
«General Electric Transportation» компаниясымен біз ондаған жылдардан бері табысы серіктесіп келеміз. Осы уақыт аралығында соңғы үлгідегі «Evolution» сериясындағы 300-ден астам локомотив шығарылып, ол өз елімізде ғана емес, таяу шетелдерде де пайдаланылуда. Стратегиялық инвестормен аталмыш келісім Мемлекет Басшысының «100 нақты қадам» Ұлттық жобасы аясындағы жекешелендіру бағдарламасы мен темір жол саласы инфрақұрылымын жаңғырту, көлік машинасын жасауды дамытуға арналған»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев.
«Біздің зауыт үшін бұл қадам – кәсіпорынды әрі қарай дамыту, өндірістік көрсеткіштерді барынша жақсарту, тапсырыстың болатындығына кепілдік береді»,-дейді «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ вице-президенті Виктор Перминов.
Бүгінге дейін «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ тепловозға сұранысын толық қанағаттандырды. Барлығы 302 жүк және жолаушылар тасымалдайтын ТЭЗЗА және ТЭПЗЗ А тепловоздарын шығарды. Оның 20-сы Тәжікстан, Әзербайжан, Түркменстан, Украина, Қырғызстан елдеріне экспортқа жіберілді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бейінді емес активін жүзеге асыру халықаралық «Ernst & Young» консалтингілік компаниясының қатысуымен жүзеге асырылды.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту