- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның Төлеби ауданы суармалы жердің көлемін 16 га-ға жеткізеді
ОҚО-ның Төлеби ауданы суармалы жердің көлемін 16 га-ға жеткізеді
Ауданның 2017 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму концепциясында барлық сала негізінен 3 бағытқа біріктіріліп, дамытылмақ.
Облыс әкімінің орынбасарлары мен тиісті басқармалардың қатысуымен жасалған ауқымды құжат аудан халқының әлеуметтік, тұрмыстық, қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, сәулет, коммуналдық, кәсіпкерлік сынды өзге де шаруашылық салаларында кездесетін өзекті мәселелердің толық шешімін табуға бағытталған.
«Оңтүстік өңірі аграрлы аймақ болған соң концепцияның маңызды және үлкен бағытының бірі ауыл шаруашылығы саласын дамыту болып табылады. Бұл бағытта су шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, үй шаруашылығын және сервистік қызмет көрсету қолға алынады»,-деді әкім.
Ауыл шаруашылықтың дамуына негізгі серпіліс беретін фактордың бірі жерлерді заманауи үнемдеу және жаңа технологияны қолдану арқылы суландыру. Өз кезінде бұл қарқынды технологияларды пайдалана отырып бау, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіруге, өнімділігі жоғары мал азықтық дақылдарын дайындауға, елді мекендерді ағын сумен толық қамтуға мүмкіндік береді.
Мәселен, аудандағы суармалы жерді толық сумен қамту үшін үш кезеңде жұмыс жүргізіледі. Бірінші 9 каналды су құбырына ауыстырып жерлерді тамшылатып суғару жүйесіне көшіру.
Екінші кезеңде 23 каналға лоток салу немесе бетонмен қаптау жұмыстары жүргізілсе, үшіншіден су деңгейінен биік орналасқан жерлерді су сорғыштар арқылы суландыру. Нәтижесінде суармалы жер көлемі 16000 гектарға жетсе, жеміс-жидек 2200 гектардан 10 мың га дейін ұлғайады. Ал өнім көлемі 12 мың тоннадан 60 мың тоннаға өседі деп күтілуде.
Ал өсімдік шаруашылығын дамыту мақсатында ауданда 158,5 гектарға жаңа бау егілсе, оның 108 га қарқынды бау болмақ. Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамыту бағытында мал бордақылау және ет өнімдерін қайта өңдеу, сүт фермаларын дамыту және сүт өнімдерін қайта өңдеу мен қымыз өндіру кластерін құру жұмыстары жүргізіледі.
Мал бордақылау бағытында келер жылы жоба құны 125 млн. теңге болатын 3 агроқұрылым яғни, 670 бастық мал бордақылау алаңы іске қосылады. Сүт фермаларын дамыту және сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша 36 млн. теңгеге 135 басты сүт фермасы ал, тәулігіне 2 тонна сүт өнімдерін қайта өңдейтін цех іске қосу жоспарлануда. Келер жылы сауынды бие басын көбейтіп, өндірілетін өнім көлемін 2610 тоннаға дейін жеткізу мақсатында 75 азамат 454 млн. теңге көлемінде несие алуға ниет білдірген.
Тұжырымдаманың екінші бағыты кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында 2017 жылы 104 жоба іске асырылады.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам АӘК алды -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады -
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай
-
Жердің шөлейттену проблемасы және халықаралық тәжірибе -
Astana Hub тәжірибесін аймақтарға жеткізеді