- Басты
- Жаңалықтар
- Табысты мемлекеттің интеграциялық жобаларды белсенді түрде жүргізуі ЕАЭО барлық елдеріне пайдасын тигізіп отыр - Путин (ФОТО)
Табысты мемлекеттің интеграциялық жобаларды белсенді түрде жүргізуі ЕАЭО барлық елдеріне пайдасын тигізіп отыр - Путин (ФОТО)
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ЕАЭО аясындағы тиімді ынтымақтастығын атап өтті.
"Біздің қарым-қатынасымыз дамып келеді. Туындаған мәселелер елдеріміздің Үкіметтері деңгейінде шешіліп жатыр. Сізбен бірге Байқоңыр қаласын одан әрі дамыту мәселесін талқыладық. Біз қазір 8 жылға арналған тиісті «жол картасын» әзірледік", – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы республикамыздың ЕАЭО-ға табысты төрағалық еткенін және бұл кезеңде одақтың Кеден кодексі келісіліп, қол қоюға дайын болғанын айтты.
"Отырысқа қатысатын мемлекеттер басшылары осы құжатты қолдайды деп ойлаймын. Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында тауар айналымы бәсеңдеді, ол биржа бағамының біздің тауарларға деген қатынасына байланысты. Бұл ретте сауданың нақты көлемі сақталуда", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясымен әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенімізді атап өтті.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев В.Путинге Сирия қақтығысы жөнінде Астанада келіссөздер өткізу үшін Қазақстан мүмкіндік беруге дайын екенін айтты.
Ресей көшбасшысы Қазақстан Президентін Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, еліміздің осы кезеңдегі жетістіктерін атап өтті.
"Қазақстан – интеграциялық үдерістерге белсене атсалысып келе жатқан ел. Табысты мемлекеттің интеграциялық жобаларды белсенді түрде жүргізуі Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдеріне пайдасын тигізіп отыр", – деді В. Путин.
Екіжақты келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды:
– «Байқоңыр» кешенінде ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру тұжырымдамасы;
–Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құру тәртібі мен олардың мәртебесі туралы мемлекетаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы хаттаманың Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының тізіміне қатысты бөлігі.
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр