- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 500 адамға арналған туберкулезге қарсы диспансер ашылды
Астанада 500 адамға арналған туберкулезге қарсы диспансер ашылды
Бүгін елорда әкімі Әсет Исекешевке Астана қаласының туберкулезге қарсы жаңа диспансері таныстырылды. Ірі медициналық мекеме Железнодорожный кентінде қырқыншы станцияға жақын орналасқан және 9 блоктан тұрады. Құрылысы 2008 жылы басталған нысан биыл тапсырылып отыр.
«Заманауи кешенге ие болу біздің арманымыз болатын. Түрлі корпустарда 4-тен 6 қабатқа дейін бар. Бірақ ең бастысы - бұл бір және екі орындық палаталар және олар барлық санитарлық нормаларға жауап береді», - деп атап көрсетті «Астана қ. Туберкулезге қарсы диспансері» ММ бас дәрігері Рауза Жүсіпова.
Жаңа кешен төрт емдеу корпусынан тұрады: клиникалық-диагностикалық зертхана, бактериологиялық, тамақтану блогы, кір жуатын орын. Аурухана заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған, соның ішінде: компьютерлік томография, рентген, шетелдік және жергілікті дәрігерлермен консилиум құруға, онлайн трансляция жүргізуге мүмкіндік беретін бейнеқондырғысы бар компьютерлік операциялық бөлмесі бар. Дәрігерлердің айтуынша, тағы бір артықшылық - 12 төсек орынға есептелген реанимациялық бөлімше, бұл елімізде жұмыс істейтін диспансерлердің ішіндегі ең үлкен бөлімше саналады. Сондай-ақ, туберкулез таяқшаларын таратушы және таратпайтын бацилярлық және бацилярлық емес науқастарды бөлек орналастыратын палаталар бар. Кешен 500 науқасты қабылдай алады, оларға 1000 үздік маман қызмет көрсетеді.
Атап өтерлігі, статистикаға сәйкес, Астанада туберкулезбен ауыратындар саны төрт есе азайған. 2008 жылы 218 науқас болса, бүгінгі күні науқастар саны - 58 адам.
Астана әкімі жаңа медициналық мекеменің бірегейлігі мен ауқымын жоғары бағалап, еңбек ұжымымен бейресми жағдайда кездесті. Кездесуде кадрлар жайы, өзге қалалардан келгендерді баспанамен қамту және көлік мәселелері талқыланды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда