- Басты
- Жаңалықтар
- Вьетнам ЭКСПО-2017 көрмесінде павильонын дайындауға кірісті (ФОТО)
Вьетнам ЭКСПО-2017 көрмесінде павильонын дайындауға кірісті (ФОТО)
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-да кездесу барысында тараптардың ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелерін талқылағаны хабарланды. Ахметжан Есімов вьетнамдық тарапты көрмеге дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыспен таныстырды. Сонымен қатар, ұлттық компания басқармасының төрағасы қазіргі уақытта 8 мемлекеттің өкіліне павильондардың тапсырылғанын айтты. Сондай-ақ ол Вьетнам Ұлттық секциясының Павильоны тапсыруға дайын екенін және осы павильонның қызметкерлері үшін пәтерлерді алуға болатынын да атап өтті.
«Біз вьетнамдық тарапқа ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу бойынша көмек көрсетуге дайынбыз. 29 тамыз күні Вьетнам Республикасының Ұлттық күнін өткізу бойынша салтанатты іс-шараны өткізуге бірігіп дайындаламыз. Бұдан бөлек, 9 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді, оған ҚХР, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты тағы басқа елдердің басшылары қатысады», - деді Ахметжан Есімов.
Вьетнам Ұлттық секциясының Комиссары Нгуен Чунг Кхань соңғы жылдары Қазақстанда көп өзгерістердің орын алғанын атап өтті.
«2017 жылы біздің елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға 25 жыл толады. Сондықтан біз ЭКСПО-2017 көрмесінде бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге ниет білдіреміз. Осы кезеңде біз Вьетнам павильонын толтыруға белсенді дайындалудамыз», - деді ол.
Тараптар павильонға дайындықтың техникалық мәселелерін талқылады.
-
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
АШМ: Қазақстанның оңтүстігінде шегірткенің таралу ошағын анықтап, жоюға кірісті -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)
-
Жол жабық. Елорда маңындағы аудандардағы блок бекеттердің жұмысы (ФОТО) -
Елордадағы инфекциялық аурухананың құрылысы қалай жүріп жатыр (ФОТО)
-
Карантин құрсауындағы қала (ФОТО) -
Нұр-Сұлтан қаласында 30 мың медициналық маска тегін таратылып жатыр (ФОТО) -
Елорда жаппай дезинфекцияланды (ФОТО) -
Елордада ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр (ФОТО) -
Н.Нығматулин Вьетнам Парламентінің Cпикерімен кездесті -
Қазақстанның үздік тауарлары көрмесінде 153 кәсіпорын өз өнімін ұсынады