• Басты
  • Қазақстанда 2016 жылы ТҰК-тің қатысуымен 2 жоба іске қосылды
26 Желтоқсан, 2016 16:57

Қазақстанда 2016 жылы ТҰК-тің қатысуымен 2 жоба іске қосылды

Қазақстанда ТҰК (Трансұлттық компания) тартылуымен 40 млрд теңгенің 2 басты жобасы іске қосылды.

Қазақстанда  2016 жылы ТҰК-тің  қатысуымен    2 жоба іске қосылды | Strategy2050.kz

Қазақстанда  5 институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында кәсіпкерлікті дамыту мен инвестиция тарту бойынша бизнес-омбудсмен тағайындалды.  Оның тағайындалған уақытынан бері  57 өтініш келіп түсті, оның 19-ы қаралды. 2016 жылдың  1 қаңтарынан бастап «бір терезе» жүйесі іске қосылды, ол инвесторларға  300-ден астам қызмет көрсете алады.

Сондай-ақ, Үкіметтік кеңес құрылып, ХҚКО-ларда инвесторларға қызмет көрсету секторлары ашылды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың 29 қаңтарында өткен «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде  бес реформаның тиімді жүзеге асырылуы – ХХI ғасырдағы біздің гүлденіміздің кілті деп айтқан болатын.

Қазақстан Президенті былтыр басталған Бес институционалдық реформаны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін 59 жаңа заң қабылданғанын айтты. Бүгінде барлық мемлекеттік органдар оған қатысты белсене жұмыс жүргізуде, қазірдің өзінде нақты нәтижелер бар.

«Бес реформаны тиімді жүзеге асыру – біздің ХХI ғасырда табысты болуымыздың кілті. 100 қадам – шын мәнінде елді әрі қарай дамытудың жүйелі мәселелеріне арналған менің 100 нақты шешімім. Ұлт жоспары орындалу үшін Ұлттық комиссия жұмысына қоса барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметтердің кәсіби іс-қимылы қажет. Сондықтан әкімдер және «Нұр Отан» партиясының бүкіл жүйесі мұны ең басты міндеттің бірі санағаны жөн. Ұлт жоспары біздің алдағы бесжылдық кезеңге арналған жаңа сайлауалды бағдарламамыздың өзегі болып табылады», – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы сайлау алдындағы бағдарламаның негізгі бағыттары туралы да егжей-тегжейлі айтып берді.

Халықтың іскерлік белсенділігін және жұмыспен қамтылуын қолдауға бағытталған шараларды қарастырған Дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданды. Тек биылдың өзінде осы мақсатқа республикалық бюджеттен 225 миллиард теңге көлемінде арнайы резерв қарастырылған.

«Біз еңбек адамдарына «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасының маңыздылығын арттыру арқылы қолдау көрсетеміз. 2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасына 770 миллиард теңге қарастырылды, ол 93% игерілді. 500 шақырымға жуық автомобиль жолы салынды, қайта жөнделді. 7000 пәтер салынды, оған қосымша Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкі арқылы 3700 пәтер берілді, сондай-ақ 51 білім беру нысаны іске қосылды. Кәсіпкерлікті қолдауға 100 миллиард теңге бөлінді. Агроөнеркәсіп кешеніне, автоөндірушілерге және басқа да салаларға көмек көрсетілді. Бұл – бір жылғы жұмыстың нәтижесі. Алдағы уақытта жеке бизнесті, жұмысшыларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ісін қаржыландыру көлемі ұлғайтылады. Жалпы, «Нұрлы жол» жобаларын жүзеге асыру барысы таяу жылдарда 400 мың жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз етеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті  әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының алыпсатарлық арқылы өсуіне жол бермеудің маңыздылығына назар аударды. Осыған байланысты елімізде өнім шығару көлемін ұлғайту қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жылдары елде бизнесті дамыту үшін барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.

«Біз көптеген ауқатты адамдарды қалыптастырдық, олар елімізде капитал жинақтады. Енді шетелдегі мүліктерді заңдастырып, Қазақстанға қаражат әкелу керек. Бүгінде республикада жекешелендіру жүріп жатыр. Олардың осы үрдіске қатысып, нысандар сатып алуына және қазақстандықтар үшін жұмыс орындарын ашып, өндірісті дамыту арқылы табыс табуына болады», – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы мемлекеттік шығыстардың барлық жүйесі қатаң үнемдеу қағидатына негізделетінін айтты. Экономикалық өсімнің қосымша көзі ретінде өңіраралық кооперацияға назар аударылды.

4 базалық саланы баса дамыту құрылымдық өзгерістердің негізі болады. Мәселен, түсті металлургияда төртінші және бесінші қайтара өңдеуге көшу 2021 жылға қарай осы саладағы экспорттық өнімдер үлесін 20%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Нұрсұлтан Назарбаев мұнай-газ секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын жүзеге асырудың маңыздылығын айтты.

« Біз «Қашаған» кенішінде коммерциялық өндіру басталады деп күтіп отырмыз. «Теңізшевройл» ЖШС өндірісін ұлғайту мұнайдың қосымша көлемін қамтамасыз етеді. Каспий құбыр консорциумының қуаттылығын арттыру ісін аяқтау қажет. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының құрылысы да аяқталып келеді. 2018 жылға қарай нарық сұранысын толықтай отандық өнімдермен – бензинмен, дизелдік отынмен, авиакеросинмен және газбен қамтамасыз ету міндетін қоямын. Мұнай және газ нарығын ырықтандыру, мұнай өңдеуші кәсіпорындарға коммерциялық қызметтерін қайтарып беру маңызды. 2021 жылға қарай елдегі мұнай өндіру көлемі жылына 92 миллион тоннаға жетеді», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы электр энергетикасы кешенінде инвестиция үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

«2019 жылы KEGOK базасында қуатты бірыңғай сатып алушыны енгізу жоспарланған. Жаңғыртылатын энергетиканың отандық секторының дамуына алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қуатты серпін береді. Бұл болашақтағы «жасыл экономикаға» қарай маңызды қадам болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күшінің бірі аграрлық сектор болатынына назар аударды.

«Бүгінде біз өндірілген өнімді субсидиялауға көшіп жатырмыз, бұл ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға және аграрлық кешеннің жұмысын жақсартуға септігін тигізеді. Жаңа технологиялар мен өндіріс инфрақұрылымдарын енгізу ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсімін 1,5 есеге арттыруға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды