• Басты
  • Сенат Бюросы Палатаның 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті
26 Желтоқсан, 2016 16:08

Сенат Бюросы Палатаның 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты Бюросының отырысы болып, онда жоғарғы Палата отырысының күн тәртібі белгіленді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенат Бюросы Палатаның 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті

 29 желтоқсанда сенаторлар Қазақстан мен Иран арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді және Қазақстан мен Словения арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салықтан жалтаруға жол бермеу туралы үкіметаралық конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын қарайтын болды.

Палата «Жайылымдар туралы» және заңнамаға жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарайды. Бюро отырысында Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді. Қаржы және бюджет комитеті Қазақстан мен Словения арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салықтан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

«Сот-сараптама қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын одан әрі пысықтаумен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті айналысатын болды. Бюрода сондай-ақ Сенаттың 2017 жылға арналған Негізгі шаралар жоспары да бекітілді. Алдағы жылы төрт парламенттік тыңдау, Сенат комитеттерінің он екі көшпелі отырысын өткізу жоспарланды.

Ұлт жоспары мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған стратегиялық бағдарламаларды іске асыру мақсатында Сенат он дөңгелек үстел және он төрт кездесу өткізеді. Маңызды халықаралық шаралардың қатарында Пагоуш қозғалысының конференциясы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысын өткізу де бар.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды