• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК кедендік әкелу баждарының сомаларын ЕАЭО елдерінің бюджеттері арасында бөлу әдістемесін жетілдіреді

ЕЭК кедендік әкелу баждарының сомаларын ЕАЭО елдерінің бюджеттері арасында бөлу әдістемесін жетілдіреді

26 Желтоқсан, 2016 09:38
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кедендік әкелу баждарының сомаларын Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің бюджеттері арасында бөлу тетігін жетілдірмек.

ЕЭК хабарлағандай, оларды бөлу нормативтерін есептеу әдістемесі туралы шешім 2018 жылдан кешіктірілмей қабылдануы тиіс.

«Экономикалық жағдайды ескерсек, Одақ елдерінің бюджеттері арасында бөлінетін қаражат көлемі олардың көпшілігі үшін айтарлықтай елеулі. Мұндай жұмысты біз аса маңызды деп санаймыз», - деп атап өтті ЕЭК қаржылық саясат департаментінің директоры Тигран Давтян.

Анағұрлым жетілдірілген әдістемені әзірлеу кезінде Комиссия үздік халықаралық практиканы және басқа ірі интеграциялық бірлестіктердің тәжірибесін ескеруді, ЕАЭО елдерінің экономикасын дамытудың макроэкономикалық көрсеткіштері мен кедендік әкелу баждарының бюджеттері арасында бөлінетін соманың арасындағы тәуелділікті анықтауды көздейді. Есептеу әдістемесі негізделетін көрсеткіштер кеңейтілуі немесе қайта қаралуы мүмкін.

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа жаңа мүшелер қосылған жағдайда ұсынымдар тұжырымдалатын болады. 

Барлық жаңалықтар