• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Алматы-2022» Олимпиада ойындарын өткізу туралы нақты шешім 2014 жылы белгілі болады – Т.Есентаев

«Алматы-2022» Олимпиада ойындарын өткізу туралы нақты шешім 2014 жылы белгілі болады – Т.Есентаев

11 Желтоқсан, 2013 14:10
Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев «Алматы-2022» Олимпиада ойындарын өткізу туралы шешімнің 2014 жылы нақты шешілетінін айтты.

«4-7 желтоқсан аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында халықаралық Олимпиада комитетінің семинар-кеңесі өтті. Онда «Алматы-2022» өткізуге 20 шаршы метр жер бөлінді. Нақты шешім 15 шілдеде осы Лозаннада анықталады», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Алматы әкімдігі мен Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті тарапынан Халықаралық Олимпиада комитетінің талаптарына сай өтініш дайындау жұмыстары басталады.

Айта кету керек, өтінішті бергеннен кейін бағалау комиссиясының олимпиада ойындарын өткізуге үміткер қалаларды бағалау шаралары өткізіледі. Одан кейін 215 жылдың 1-3 тамыз айында ХОК сессиясының Олимпиада ойындарын ұйымдастырушы қалаларын таңдау шараларын жоғарғы кезеңі өтеді.

Агенттіктің мәліметінше, 2022 жылы Олимпиада ойындарын өткізуге 10 қала өтініш беріп отыр. Атап айтар болсақ олар: Львов (Украина), Мюнхен (Германия), Осло (Норвегия), Барселона (Испания), Алматы (Қазақстан), Краков (Польша),Татры (Словакия), Жангжиакоу (Қытай), Сараево (Босния мен Герцеговина), Ницца (Франция), Брашов (Румыния).

 


 

Барлық жаңалықтар