- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР БҒМ-де жалпы білім беруге арналған Қазақ тілінің жиілік сөздігі әзірленді
ҚР БҒМ-де жалпы білім беруге арналған Қазақ тілінің жиілік сөздігі әзірленді
Рrimeminister.kz хабарлағандай, онда «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңын және 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Премьер-Министр 25 жыл ішінде мемлекеттік тіл саясатын дамыту саласында ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты.
«Бұл – сөз жоқ, Тәуелсіздіктің жемісі, тіл мәселесіндегі Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі»,- деді Б.Сағынтаев.
Отырыста мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру және бағалау жүйесі бойынша баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев ғылыми негізде және үздік халықаралық тәжірибе бойынша жасалған мемлекеттік тілді жедел әрі тиімді үйретудің жаңа әдістемесін таныстырды. Жаңа әдістеменің базасында «Қазақ тілінің жиілік сөздігі» әзірленді. Ол 2017 жылдан бастап орыс тілді мектептерде пилотты үлгіде енгізілетін болады.
Сондай-ақ, аталған мәселе бойынша «Назарбаев зияткерлік мектептері» ұйымы филиалының бөлім басшысы Ж.Абуов, Ұлттық тестілеу орталығы Мемлекеттік тіл басқармасының жетекшісі А.Әбдіхалықов баяндама жасады.
Комиссия мүшелері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалу барысы туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының, ҚР Қаржы министрі Б.Сұлтановтың және Павлодар облысының әкімі Б.Бақауовтың есептерін тыңдады.
Отырысты қорытындылай келе, Б.Сағынтаев өкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады