- Басты
- Жаңалықтар
- Астана және Иордания фармацевтика саласындағы іскерлік байланыстарды кеңейтеді
Астана және Иордания фармацевтика саласындағы іскерлік байланыстарды кеңейтеді
Астананың ресми сайтында хабарланғандай, кездесу барысында тараптар Астана мен Иордания арасында сауда-экономикалық және гуманитарлық ықпалдастықтың бірізді дамуының маңыздылығын атап көрсетті.
«Біз Астана мен Иордания іскер топтарының арасындағы байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге мүдделіміз және өзара тиімді инвестициялық жобаларды іске асыруда қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп мәлім етті елорда әкімі.
Тараптар іскерлік ынтымақтастық үшін ең перспективалық салалар ретінде ауыл шаруашылық өнімдерінің өзара жеткізілімдерін, фармацевтика және туризм салаларын атады.
Өз кезегінде, Ахмад Иннаб мырза Иорданияның ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайын екенін жеткізді.
«Біз бөлінген павильонмен таныстық, өте ұнады. Жақында ресми құжатқа қол қойылады, содан соң Иордания павильонын толтырумен айналысатын топ келеді», - деді Елші.
Осы орайда тараптар ЭКСПО-2017 шеңберінде бірлескен ресми және мәдени шараларды өткізу және Астана мен Алматы бауырлас қалалардың аймақаралық ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар