• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысына 343 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды

Астанада тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысына 343 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды

24 Желтоқсан, 2016 11:14
Астанада жыл басынан бері тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысына 343332,5 млн теңге қаражат жұмсалды, деп хабарлады қаланың статистика департаменті.

2016 жылғы қаңтар-қараша аралығында Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары 497698,0  млн теңге сомасына құрылыс жұмыстарын (қызметтерін) орындаған. Оның 53,8%-ын – жеке мердігерлер орындаған құрылыс жұмыстары, 46,1%-ын – шетелдік мердігерлік ұйымдар орындаған жұмыстар, 0,1%-ын мемлекеттік мекемелердің жұмыстары құрайды.

Құрылыс жұмыстарының құрылымында жалпы көлемнің 98%-ын – құрылыс-монтаж жұмыстары, 1,2%-ын - күрделі жөндеу жұмыстары, 0,8%-ын ағымдағы жөндеу жұмыстары құрайды.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде едәуір үлесті тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысы бойынша жұмыстар алады, олар 343332,5 млн теңгені құрады (69%), 44368,5 млн теңге (8,9%) электротехникалық, слесарьлық және басқа құрылыс-монтаж жұмыстарына игерілген. 

Барлық жаңалықтар