- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан «EXPO-2017» Халықаралық көрмесінің тіркеу құжаттамасын ХКБ мүше-елдерінің қарауына берді
Қазақстан «EXPO-2017» Халықаралық көрмесінің тіркеу құжаттамасын ХКБ мүше-елдерінің қарауына берді
«ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің хаты қоса салынған құжаттама ХКБ бас хатшысы Висенте Лоссерталеске Қазақстанның Франциядағы елшісі Нұрлан Дәненов табыс етті», - делінген хабарламада.
Сыртқы саясат ведомствосының ақпарына қарағанда, «EXPO-2017» досьесі келесі 2014-жылдың маусымында болатын Бас ассамблеяда бекітілгеннен кейін, ресми түрде танылып, Қазақстан экспо-ситидің құрылысын қолға алып, халықаралық көрмеге қатысуы мүмкін елдермен келіссөздер жүргізіп, оларды шақыра бастайды.
Хабарламада көрсетілгендей, аталған рәсім барысында ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталес осы негізгі құжаттың уақытылы дайын болуына баса назар аударып өткен.Сондай-ақ ол ұйымға мүше-елдердің Астананың «EXPO-2017» ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету жолындағы ұсыныстарын қолдайды деп сенім білдірді және бюроның да осы кезеңдегі өзара әрекеттестікке дайындығын білдірді.
Өз кезегінде, Қазақстан жағы ХКБ басшылығын елдің «Қазақстана – 2050 даму стратегиясын» жүзеге асырудың бағдарламалық мақсаттарына толығымен сай келетін осы ауқымды шараны сәтті ұйымдастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сендіріп, ҚР Үкіметі атынан Бас хатшыға көрсетіп отырған көмегі мен қолдауына ризашылығын жеткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты