- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында қарт адамдарға арналған геронтологиялық орталық ашу жоспарлануда
Павлодар облысында қарт адамдарға арналған геронтологиялық орталық ашу жоспарлануда
Облыс әкімі хабарлағандай, кездесу барысында 2016 жылы атқарылған жұмыстар мен келесі жылға жоспарланған іс-шаралар талқыланды.
Достық үйінде өткен кездесуде Болат Бақауов 2016 жылы белсенділік танытқандары үшін зейнеткерлерге алғысын білдірді. Аймақ басшысы, сондай-ақ, ардагерлерді толғандырып жүрген мәселелердің шешілетінін атап айтты.
"Облыс орталығында орналасқан «Ардагерлер үйі» мен «Денсаулық» орталығында ардагерлерге сауықтыру қызметтері ұсынылады. Өздеріңізге мәлім, зейнеткерлерге санаторлық-шипажайлық қызметтер көрсету қолданыстағы заңнамамен қарастырылмаған, біз бұл мәселені мүмкіндігінше мемлекеттік-жеке серіктестік аясында шешетін боламыз", - деді ол.
Қарттарды «Черноярская жемчужина» демалыс базасына жолдау жоспарланып отыр. Қазір демалыс орнының иелері ардагерлерге қажет жағдай жасау үстінде. Ол жерде зейнеткерлерге дәмді тағамдар мен спа-қызметтер ұсынады, тұзды шахтаға апарады.
Облыс әкімі қарттардың өмір сапасын арттыруға, аға буынның әлеуетін ашуға бағытталған өңірлік бағдарлама әзірленіп жатқанын айтты. Сондай-ақ, қарт адамдарға кешенді қызметтер ұсынатын геронтологиялық орталық ашу мүмкіндігі қарастырылатынын атап айтты.
Бірнеше павлодарлық зейнеткерге Болат Бақауов скандинавиялық жүріске арналған таяқтар табыстады. Аймақ басшысы мұндай ерекше сыйлық сыйлауына қалада осыған ұқсас спорттық құралдармен жүрген егде әйелдерді көргені себеп болғанын айтты.
Аймақ басшысы ерекше белсенді зейнеткерлерге құрмет грамоталарын табыс етті. Қалалық және аудандық ардагерлер ұйымдарына қажетті ұйымдастыру техникасы табысталды.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда