- Басты
- Жаңалықтар
- АДБ Ақтөбе-Мақат жолын қайта жаңғыртуға 240 млн доллар бөледі
АДБ Ақтөбе-Мақат жолын қайта жаңғыртуға 240 млн доллар бөледі
Ұзақтығы 299 шақырым болатын «Ақтөбе - Мақат» учаскесі республикалық маңыздағы «Ақтөбе – Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы (Астрахань)» автомобиль жолының бір бөлігі және бұл жол Ақтөбе мен Атырау облыстары арқылы өтеді.
Жоба 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту Мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымы арасындағы серіктестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде Қазақстанды дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда.
Жобаны жүзеге асыру көлік жүйесінде озық инфрақұрылымды құру бойынша міндеттердің шешілуін қамтамасыз етеді. Транзиттік дәлізді жаңғырту мемлекетаралық және сауда қатынасын тереңдету мен кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Каспий жағалауы аймағының Қытай, Ресей және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің нарығына шығуына жол ашады. Осылайша, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізімен жалғасатын болады.
Ұсынылған сома 273 065 мың АҚШ долларын құрайды. Соның ішінде 240 300 мың АҚШ доллары Азия Даму Бакінің займы. Ал, республикалық бюджеттен қосалқы қаржыландыру займы 32 765 мың АҚШ долларын құрайды.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті құрылысты қадағалау жөніндегі кеңесші мен мердігер компанияларды іріктеуге кірісті. Займ туралы келісім күшіне енгеннен кейін келісім-шарт бекітілетін болады. Жобаны жүзеге асыру кезеңі 2017-2021 жылдар аралығы.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ