- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында құны 7 млрд теңге қазандық салынуда
Ақмола облысында құны 7 млрд теңге қазандық салынуда
Жоба құны 7 млрд теңгені құрайды. Мұнда жұмыс 2016 жылғы наурыздан басталды. Қазіргі уақытта әкімшілік-тұрмыстық корпустың, 20 көлікке арналған гараждың, көмір сақтауға арналған қоймалардың, қосалқы станция мен қазандықтың бас корпусының құрылысы жүріп жатыр, 8,5 шақырым жылу трассасы салынды. Жоба 2018 жылға дейін – үш жылға есептелген, деп хабарлады өңір әкімдігі.
«Қазандық әлеуметтік-коммуналдық саланың өмірлік маңызды нысаны болып табылады. Жоба сапалы түрде және қатаң көзделген мерзімде іске асырылуы тиіс», — деді С. Кулагин мердігерлік ұйым өкілдеріне.
Бұдан әрі облыс әкімі ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 68,9 млн теңге сомасына 4 бөлімшеде жөндеу жұмыстары жүргізілген орталық аудандық аурухананың жағдайымен танысты.
Бас дәрігер Қабдрашит Әлмағамбетовтың айтуы бойынша, ауданда 2015 жылмен салыстырғанда бала туу өсіп, өлім азайып келе жатқаны байқалады. Ана өлімі жоқ.
Сондай-ақ Қ. Әлмағамбетов медицина кадрларының жетіспеушілігіне қатысты алаңдаушылық білдірді. Ауруханада 8 дәрігер жетіспейді. Өңір басшысы бұл мәселе еліміздің медициналық жоо-ларынан студенттерді оқытуға және жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетуге облыс әкімі гранттарын бөлу есебінен шешілетінін мәлімдеді.
Бұдан бөлек, өңір басшысы, Есіл қаласы №2 орта мектебінің, Есіл балалар үйінің ұжымдарымен, оқушыларымен және тәрбиеленушілерімен кездесті.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі