- Басты
- Жаңалықтар
- К. Көкірекбаев Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктеріне гранттарды табыстады (ФОТО)
К. Көкірекбаев Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктеріне гранттарды табыстады (ФОТО)

Іс-шараға облыс әкімшілігінің, ҚХА хатшылығының, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, облыс этномәдени бірлестіктерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Салтанатты іс-шараны облыс әкімі К.Көкірекбаев кіріспе сөзімен ашты.
Ол өз сөзінде биылғы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында «Қайырымдылық керуені», «Ұлы дала тарихы», «Үлкен Ел-Үлкен отбасы», «Мың бала» атты жобалардың жақсы нәтижелелерге жеткенін, бұл жетістіктерге жетуде облыс этномәдени бірлестіктерінің қосқан үлесінің зор екенін айтып өтті. Жұмыла отырып өткізілген ірі қоғамдық-саяси шаралар мемлекетіміздің беделін бекемдеп, қоғамның ұйысуына септігін тигізді. Бұл - егеменді мемлекеттің, Тәуелсіз ел халқының жасампаз істерінің жемісі.
Өңір басшысы алдымызда үлкен жауапкершілігі мол істер тұрғанын, қазақ халқы тарихи мәселелерді ұдайы ауызбіршіліктің, бірліктің арқасында бірлесіп шешіп отырғанын, алдағы уақытта да бірге жұмыстар жасайтынын айта келіп, этномәдени бірлестіктердің қоғамдық жұмыстарына табыс тіледі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен және «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық бөлімінің жетекшісі Л.Лысова марапатталды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен «Әулие - Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М. Сарыбеков марапатталды.
Облыс әкімі К.Көкірекбаев облысымыздың қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, этносаралық келісімнің нығаюы мен дамуына, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге үлес қосқаны үшін этномәдени бірлестік жетекшілеріне салтанатты түрде гранттарды тапсырды.
Кездесу соңында этномәдени бірлестіктер басшылары алып отырған мадақтаулардың алдағы уақытта этномәдени бірлестіктердің қоғамдық және творчестволық жұмыстарына үлкен ықпал ететінін айта отырып, ризашылықтарын білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді

