• Басты
  • Жаңалықтар
  • Біз Сочидегі Олимпиадада спорттың 10 түрі бойынша 40 лицензияны ұтып алу мақсатын алға қойдық – Т. Есентаев

Біз Сочидегі Олимпиадада спорттың 10 түрі бойынша 40 лицензияны ұтып алу мақсатын алға қойдық – Т. Есентаев

11 Желтоқсан, 2013 12:54
ҚР Спорт және дене шынырықтыру агенттігі Сочидегі олимпиадада спорттың 10 түрі бойынша 40 лицензия ұтып алу мақсатын қойып отырмыз. Бұл туралы ОКҚ-нің баспасөз отырысында агенттік төрағасы Тастанбек Есентаев мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда 33 спортшы спорттың 7 түрінен Олимпиада ойындарына қатысу құқына ие болды. Алайда, олар Олимпиадаға дейін Әлем Кубогының барлық шараларына қатысулары тиіс», - деді Т. Есентаев.

«Лицензиялық кезеңнің аяқталуына дейін 10 спорт түрінен 40 лицензия алуды жоспарлап отырмыз.Еліміздің олимпиадалық құрамасын жасақтау ісі келесі жылдың қаңтар айына дейін жалғасатын болады» , деді ол.

 Ел құрамасын жасақтау кезінде спортшыларымыздың дене дайындығы мен психологиялық жағдайына, сондай-ақ іріктеу кезеңдерінің және допингке қарсы бақылаудың қорытындылары ескеріледі», - деді Агенттік басшысы өз сөзінде.

«Қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының алдына Ванкувердегі Олимпиада ойындарындағы көрсеткіштерді жақсартып, жоғары нәтижеге қол жеткізу міндеті қойылған», - деді агенттік басшысы.

« Біздің жоспарлап отырған көрсеткіштеріміз жалпыкомандалық есепте 20-23-ші орындар үшін күресуге мүмкіндік береді, Ванкуверде біздің команда 25-ші орынға табан тіреген болатын», деп түйіндеді өз сөзін Т.Есентаев.

 

Барлық жаңалықтар