- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын кеңінен көрсететін қаланың жаңа мұражайы ашылды
Алматыда өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын кеңінен көрсететін қаланың жаңа мұражайы ашылды
Аталған мәдени шараға қала басшылығы, ғылым мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қаланың құрметті азаматтары, жастар және басқалары қатысты.
«Бұл-барлығымыз үшін айрықша оқиға. Мемлекет басшысы атап өткендей, Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі, еліміздің мәдени, ғылыми, туристік орталығы. Жаңа мұражайдың өскелең ұрпақ үшін маңызды тәрбиелік мәні бар. Алматы мұражайындағы заманауи мультимедиялық қондырғылар арқылы жастар өздерін толғандырған мәселелер бойынша толық ақпарат алады. Мұражайдың алматылықтар мен қала қонақтары үшін сүйікті орынға айналатындығына сенімдімін», - деп атап өтті Алматы әкімі Б.Байбек.
Алматының жаңа мұражайы-Жетісу өңірінің бай тарихи- мәдени мұрасын кеңінен көрсететін ірі ғылыми әрі мәдени орталық. Мұражай коллекциясында 40 мыңға жуық экспонаттар бар, олар - бейнелеу өнерінің туындылары, қазақ этнографиясының үздік топтамасы,түрлі дәуір мен мәдениетке жататын тұрмыстық заттар, нумизматика жәдігерлерінің жиынтығы және басқа мұралар.
Мұражай экспозициясы қала тарихының барлық салалары бойынша ақпараттық - иллюстративті материалдарды көрсететін мультимедиялық технология спектр арқылы жұмыс істейді. Жаңа мәдени ошақ экспозициясы 11 залдан тұрады, онда мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы Алматының көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихы бейнеленген7
Алғашқы екі экспозиция шағын елді мекеннен құралған Алматы урбанизациясының процессі туралы әңгімелейді, яғни осыдан үш мың жыл бұрын, қол өнері, саудасы, мәдениеті мен иделогиясы дамыған ұлы Жібек жолы бойындағы орта ғасырға дейінгі қала көрінісі көз алдыңызға келеді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді