• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т. Есентаев қазақстандық спортшылардың Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы әңгімеледі

Т. Есентаев қазақстандық спортшылардың Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы әңгімеледі

11 Желтоқсан, 2013 12:41
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев, қазақстандық спортшылардың XXII қысқы Олимпиада ойындарына дайындықтарының барысы туралы әңгімелеп берді.

«Олимпиадалық циклдың дайындық кезеңі барысында 2012-2013 жылдардағы спорттық маусымдағы дайындықтың қорытынды кезеңіне ерекше көңіл бөлінеді, себебі бұл кезеңнің көрсеткіштері командалардың Олимпиада ойындарына дайындықтарының басты көрсеткіші болып табылады», - деді Т.Есентаев өз сөзінде.

«Спорт түрлері бойынша дайындық барысындағы өзекті мәселелерді жедел шешу үшін федерация басшыларының, Ұлттық Олимпиадалық комитет пен Агенттік басшыларының қатарынан жауапты өкілдер бекітілген.

Сонымен бірге, күтілетін нәтижеге байланысты жетекші спортшылармен келісімшарттар жасалды, шарт бойынша ай сайынғы төлем 700-ден 6 мың АҚШ доллары аралығында бекітілді», - деді Агенттік басшысы өз сөзінде.

«Олимпиада ойындарына қатысудың анағұрлым көп лицензиясын Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының спортшылары жеңіп алғанан атап айтқым келеді. Өкілдерінің саны ең төмені Ақтөбе және Қарағанды облыстары», - деді Т.Есентаев.

Спорттың 8 түрінен (шаңғы жарыстары, биатлон, мәнерлеп сырғанау, коньки жарысы, шорт трек, шана спорты, фристайл және шаңғы жарысы) ұлттық құрама команданы дайындау үшін келісімшарт негізінде 17 шетелдік маман тартылды, оның ішінде шаңғы майлаушылар, спорт медицинасы саласындағы білікті мамандар бар.

 

Барлық жаңалықтар