- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер таныстырылды
Мәжілісте электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер таныстырылды
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Г. Щегельский аталған заң жобасы Елбасының энергия беруші ұйымдарды ірілендіру қажеттігі туралы тапсырмасына сәйкес әзірленгенін, ал оның бес институциональдық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарының 51-қадамында көрініс тапқанын атап өтті.
ӨЭК-ті:иесіз электр желілерін қабылдаған кезде энергия беруші компанияларды корпоративтік табыс салығынан және мүлік салығынан бір реттік босату;энергия беруші ұйымдар үшін табиғи монополиялар саласындағы заңнамада көзделген тыйымдарды алып тастау;желілерді кеңейткен кезде электр энергиясын беруге арналған тарифтердің шекті деңгейлерін қайта қарау мүмкіндігін енгізу;жаңадан салынған шағын станциялар мен желілерді және мемлекеттік кәсіпорындардың балансындағы электр желілерін беру;энергия беруші ұйымдардың қызметіне қойылатын талаптарды Заң деңгейінде біртіндеп енгізу жолымен ірілендіру.
Отырыс барысында энергетика вице-министрі Ә. Мағауов заң жобасының негізгі тұжырымдары туралы баяндама жасады, онда энергия беруші ұйымдарды ірілендірудің иесіз электр желілерін қабылдаған кезде энергия беруші компанияларды корпоративтік табыс салығынан және мүлік салығынан босату; энергия беруші ұйымдар үшін табиғи монополиялар саласындағы заңнамада көзделген тыйымдарды алып тастау; желілерді кеңейткен кезде электр энергиясын беруге арналған тарифтердің шекті деңгейлерін қайта қарау мүмкіндігін енгізу тетіктерін көздейтін негізгі жолдары атап өтілді.
Заң жобасының таныстырылымына Парламент Мәжілісінің депутаттары, энергетика, ұлттық экономика, әділет және қаржы министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан электр энергетикалық ассоциациясының, «KEGOC» АҚ және Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциацияның, «Кazenergy», ТККА сияқты өнеркәсіп және энергетика саласындағы басқа ассоциациялар мен бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ парламенттік емес партияның және өзге де үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Заң жобасы алдағу уақытта депутат Шавхат Өтемісов жетекшілік ететін жұмыс тобында талқыға түсетін болады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек