- Басты
- Жаңалықтар
- ЖЭК жөніндегі халықаралық агенттік ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады
ЖЭК жөніндегі халықаралық агенттік ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады
2016 жылғы 20-21 желтоқсанда «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рапиль Жошыбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары өтті. Сапар аясында Р. Жошыбаев Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің (IRENA) бас директоры Аднан Аминмен, БАӘ Ұлттық медиакеңесі бас директорының орынбасары, БАӘ-нің «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі ұлттық павильонының Бас комиссары Салем аль-Амиримен, Болашақтың энергиясы дүниежүзілік саммиті ұйымдастырушылық комитетінің басшылығымен және араб әмірліктері іскерлік топтарының өкілдерімен кездесті.
А. Аминмен әңгімелесу барысында тараптар Қазақстанның IRENA-мен өзара іс-қимылының жағдайы мен болашағын талқылады.
«Сондай-ақ тараптар ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 2017 жылғы 11-14 маусымда Астана қаласында өткізілуі жоспарланған БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Министрлік конференциясы форматында IRENA панельдік сессиясын өткізу, сондай-ақ IRENA хатшылығында қазақстандық мамандардың тағылымдамаларын ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады», - делінген хабарламада.
А. Амин IRENA мақсаттарын «Болашақтың энергиясы» көрмесінің тақырыбымен логикалық байланыстыруға мүмкіндік беретін жаңартылатын энергетика саласындағы технологиялық инновациялармен таныстыру жоспарларын ескере отырып, IRENA ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға мүдделі екенін атап өтті. Кездесу қорытындылары бойынша Р. Жошыбаев және IRENA секциясының Комиссары Мухаммед аль-Фарнавани Халықаралық агенттіктің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойды.
БАӘ Ұлттық медиакеңесіндегі кездесуде Комиссар Салем аль-Амири БАӘ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растаған және тиісті Шартқа қол қойған Таяу Шығыстағы бірінші араб елі екенін атап өтті.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қандай нәтиже береді -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал -
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды -
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар -
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы