- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Иран басшылары визалық режимді оңайлату туралы келісті
Қазақстан және Иран басшылары визалық режимді оңайлату туралы келісті
«Тау-кен металлургиясы саласында тиімді өзара іс-қимыл орнату. Қарағанды облысында ирандық компанияларымен бірлесіп, мыс кен орнын игеру жұмысы басталды. Иран тарапы геологиялық-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қызығушылық танытты. Біз оны қолдаймыз. Менің Тегеранға сапарымнан кейін Алматы мен Тегеран арасында аптасына үш рет ұшатын рейс іске қосылды, оның жүктелуі 65% құрайды, сондай-ақ Астана және Тегеран арасында әуе қатынасын іске қосу жоспарланып отыр», - деді Н. Назарбаев.
ҚР Президенті визалық режимді оңайлату, сондай-ақ туризмді дамытуды ынталандыру бойынша нақты әрекеттерді бастау қажет екенін атап өтті.
«Иран ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады және баламалы энергия саласындағы өз жетістіктерімен таныстырады», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Президенттің айтуы бойынша, елдердің көшбасшылары өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.
«Біз исламнан қорқуды тарату, біздің діндерімізді терроризммен және джихаддизммен байланыстыру сияқты қауіп-қатерлер жолында күш біріктіру туралы келістік. Біз халықаралық терроризмге, экстремизмге және қылмыстың басқа да түрлеріне қарсы күрес жолында тығыз ынтымақтастық орнату туралы да келістік», - деп қосты ҚР Президенті.
Мемлекет басшылары БҰҰ, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Азия кеңесі, ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде екі елдің саяси өзара іс-қимылын нығайту, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясында Иранның өзара іс-қимыл жасауға ұмтылуы туралы келісті.
«Біз өз тарапымыздан осы ұмтылысты қолдауға дайынбыз. Барлық талқыланған мәселелер бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді. Осының барлығы біздің көзқарастарымыз бен ұстанымдарымыздың ұқсас екенін және біздің өзара мүдделі екенімізді көрсетеді», - деп қосты Н. Назарбаев.
Жалпы, Қазақстан Президенті атап өткендей, елдер арасында өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту үшін үлкен мүмкіндіктер бар.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді