- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Иран Президенттері сауда-экономикалық қарым-қатынастың нығаюын талқылады
Қазақстан мен Иран Президенттері сауда-экономикалық қарым-қатынастың нығаюын талқылады
«Иран – Қазақстанның Тәуелсіздігін алғашқы болып таныған елдердің бірі. 16 желтоқсанда (1991 жыл) тәуелсіздік туралы жарияладық, ал 29 қаңтарда екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
Қазақстан үшін мұсылман әлеміндегі ең маңызды әріптес және Каспий жағалауындағы тату көрші. Біз сіздерді дос деп санаймыз. Сіздің кейінгі кездегі ядролық мәселені шешуге сіңірген зор еңбегіңізді Қазақстан халқы өте жоғары бағалайды. Бұл мәселе жөнінде көп еңбек сіңірдіңіз. Дүниежүзінде сіздің бұл жұмысыңыз жоғары баға алды. Міне сізді осы жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасының айтуынша, ИИР көшбасшысымен екіжақты байланысты дамыту талқыланды.
«Қазақстан-Иран диалогының кеңейту оңтайлы көрсеткішке ие болуда. Келіссөздер аясында сауда-экономикалық қарым-қатынастың нығаюына аса назар аударылып отыр. Екі елдің барлық әлеуетін қолдану арқылы логистикалық саланы дамыту қарастырылуда: Қазақстан-Түрікменстан – Иран темір жолы өңірдегі тиімді көліктік-коммуникациялық жүйе атанды.Логистикалық орталық пен контейнерлік терминалдардың құрылысы бойынша бірлескен жұмыс басталды», - деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Елбасы бүгінгі таңда ирандық компаниялар 480 млн доллардың ауыл шаруашылық жобаларын жүзеге асырып жатқандығын айтты. Н.Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан тек астықты ғана емес, май, күріш және рапс өнімдерін экспорттауға дайын.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды