- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада бірқатар энергонысандардың пайдалануға берілуі 4 млн шаршы метр баспананы жылумен қамтамасыз етті
Астанада бірқатар энергонысандардың пайдалануға берілуі 4 млн шаршы метр баспананы жылумен қамтамасыз етті
«Астанада ұзындығы 24,8 км болатын 4 қосылым жылу магистралінің құрылысы аяқталды. Ол «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған нысандармен қатар «Мыңжылдық» аллеясы, жаңа темір жол вокзалы және қаланың оңтүстік-шығыс аудандарын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті әкім.
Оның айтуынша, бұған қоса жаңа энергия көзі ЖЭО-3, ұзындығы 15,4 км болатын жылу магистралінің 5 қосылымы (ЖЭО-3-тен қаланың сол жағалауына дейін) құрылыстары, сонымен қатар аталған жылу желілерінің өткізу қабылетін арттыратын 10 жылу магистралін қайта құру жұмыстары жалғасуда.
«Жаңажол», «Керамика» аралық станцияларын, барлығы 70 таратқыш бекет пен трансформаторлық аралық станцияларды қайта құру жұмыстары, жаңа «Бәйтерек», «Тұран», «Самал» аралық станцияларының құрылыстары аяқталуға жақын.
Қала әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, аталған жобаларды жүзеге асыру «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі нысандарын, жаңа темір жол вокзалы, «Кәсіпқор» әлемдік деңгейдегі колледжі, Интернациональный кенті, «Жасыл орам» ТК, ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлер мен елорданың басқа да нысандарын электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды