- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан немістерінің қоғамдастығы Н. Назарбаевқа қазақстандық немістердің тарихи Отанымен қайта қауышуына ерекше көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді
Қазақстан немістерінің қоғамдастығы Н. Назарбаевқа қазақстандық немістердің тарихи Отанымен қайта қауышуына ерекше көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді
« Мемлекет басшысының атына жазған өз хатында В.Мутаниол, А.Граф, Г.Грот, В.Видлер Германияда тұратын 800 мың қазақстандық немістер атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақстандық немістердің тарихи Отанымен қайта қауышу үдерістеріне ерекше көңіл бөлгені үшін зор алғыс білдірген», - делінген хабарламада.
«Бұл күллі әлемге халықтар арасындағы сенімнің жаңа саясаты туралы мәлім еткен батыл адамның және көреген көшбасшының қадамы болды. Бұл – тарихи әділеттілікті қалпына келтірудің Сіздің қолыңызбен жасалған шын мәніндегі аса маңызды актісі, оны неміс халқы ешқашан ұмытпайды», – деп жазады хат иелері.
Ақсақалдар кеңесінің өкілдері осындай қолдаудың арқасында бүгінде Германиядағы жүз мыңдаған қазақстандық немістер Қазақстанның Еуропадағы достық елшілері рөлін атқарып отырғандығын атап өткен.
Хат иелері шекара сыртында тұрып жатса да, өздері үшін туған өлкесіндей болып кеткен елдегі табыстар мен жетістіктерге зер сала қадағалап отыратындықтарын жеткізген.
«Экономика дамып, халықтың өсіп-өркендеуі мен ел беделінің нығаюы жолында жаңа зор мақсаттар қойылып отырғанына қуаныштымыз. Бұл ретте республика бейбітшілік пен қауіпсіздік саясатын жүргізуде бұрынғысынша, жетекші рөл атқара береді. Қазақстан мәдениетаралық келісім мен тағаттылықты қамтамасыз етуде, мультимәдениет әлемінің сын-қатерлерін еңсеруде елеулі табыстарға қол жеткізді», – делінген хатта.
Хат соңында Ақсақалдар кеңесінің өкілдері Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және сарқылмас күш-қуат тілеген.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады