- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада МЖӘ аясында 8 емхана мен хоспис салынады
Астанада МЖӘ аясында 8 емхана мен хоспис салынады
Оның айтуынша, бүгінгі күні Астанада бір миллион халық тұрады, ал қалалық емханалар 500-600 мың адамға есептелген, сол себепті бір жарым есе жүктемені көтеруге мәжбүр.
«Біз бірінші санитарлық медициналық көмек көрсету орталығының (БСМК) екеуін емхана етіп қайта құрдық, бұл «Шапағат» отбасылық денсаулық орталығы және Ильинка ауылындағы орталық. Қазір оларды қажет құрал-жабдықтармен жабдықтап, кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде, нәтижесінде орталық емханаларға жүктеме азаятын болады», - деді Е. Байжүнісов.
Сондай-ақ, ол Астанада мемлекеттік жеке меншік әріптестік тетігі бойынша 8 емхана салынып, хоспис ашылатынын, қала бойынша 17 шағым емхананы іске қосу жоспарланып отырғанын жеткізді. Жаңашылдықтардың тағы бірі бірыңғай медициналық картаға, одан кейін геномдық медицинаға көшу.
«Геномдық медицина бала туған кезде оның қандай ауруларға бейім екенін анықтауға көмектеседі. Дәрігерлердің міндеті - адамды қандай да бір аурудан сақтандыру, бұл - 12 ауру, олардың арасында өлімге алып келуі мүмкін аурулар да бар», - деді ол.
Әкімдіктің ресми сайты хабарлағандай, медицина саласындағы барлық жаңашылдықтар Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен әзірленген «Астана - денсаулық қаласы» бағдарламасы шеңберінде енгізілуде. Жоба аурулардың алдын алуды қарастырады, және онда халықты салауатты өмір салтына баулуға ерекше назар аударылған. Ерік Байжүнісовтың айтуынша, салауатты өмір салтын ұстану онкологиялық және басқа да ауруларға шалдығу қаупін 20%-ға төмендетеді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді