• Басты
  • Астанада Қазақстан мен Иранның инвестициялық ынтымақтастығы талқыланады
22 Желтоқсан, 2016 11:04

Астанада Қазақстан мен Иранның инвестициялық ынтымақтастығы талқыланады

Астанада Қазақстан-Иран бизнес форумы аясындағы Қазақстан мен Иран Іскерлік кеңесінің үшінші отырысы өтуде, деп хабарлады «Бәйтерек» ҰБХ.
Астанада Қазақстан мен Иранның инвестициялық  ынтымақтастығы талқыланады | Strategy2050.kz

Отырыс Қазақстан-Иран бизнес-форумы шеңберінде өтуде. Отырыс жұмысын ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен ИИР Президенті әкімшілігінің басшысы Мохаммад Нахавандиан ашты.

Отырыс барысында Тараптар  Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде  инвестициялық жобаларды бірлесіп ілгерлету қажеттілігі мен сауда операциялар бойынша өзара есеп айырысуды жүзеге асырудың тиімді тетігін табудың маңызды мәселелерін талқылайды.

«Бәйтерек» холдингі негізгі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың операторы ретінде  екі тарап кәсіпкерлеріне барынша қолдау көрсетуге дайын. Холдинг және оның еншілес компаниялары  қаржыландыруды тарту, жобаларды құрылымдау, кәсіпкерлерге экспорттық және техникалық қолдау көрсету бойынша  қызметтер топтамасын ұсынады»,- деді жиын барысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев.

Бірінші кезекте бірлескен ірі индустриялық және инфрақұрылымдық  жобаларды іске асыру үшін Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арқылы ұзақ мерзімді борыштық қаржыландыруы туралы айтуға болады. Шағын және орта кәсіпорындар қаржыландыру құралдарының кең спектрі мен кәсіпкерлердің құзыреттіліктерін дамыту жөніндегі бағдарламалар арқылы Холдингтің тағы бір еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауына ие болады.

«Екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мақсатында біз Иран даму институттарымен серіктестікті белсенді дамытудамыз. Осы жылдың сәуір айында  Тегеран қаласында біз Ұлттық даму қорымен ынтымақтастық туралы меморандум жасастық, ол  ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін іргетас салып және бірлескен жобаларды дамытуға жаңа серпін береді деп сенеміз»,- деді Ерболат Досаев.

 Отырысы барысында бірқатар екі тараптық келісімдерге қол қойылуы, сондай-ақ жасалған келісімшарттар бойынша келіссөздер өтеді деп күтілуде.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылғы сәуір айында өткен Іскерлік кеңес отырысында ауыл шаруашылығы, мұнай өңдеу секторы және машина жасау салаларында оның ішінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен Иранның Ұлттық даму қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумда жалпы сомасы шамамен 1 млрд. АҚШ долл. құрайтын 48 түрлі екі жақты құжаттарға қол қойылған болатын.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды