- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 25 жыл ішінде 6 мыңнан астам білім беру мекемесі ашылды
Қазақстанда 25 жыл ішінде 6 мыңнан астам білім беру мекемесі ашылды
Ең алдымен, тәуелсіздік жылдары ішінде білім беру жүйесінде бірқатар заңдар қабылданғанын атап өту қажет, олардың арасында – «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «ҚР-дағы бала құқықтары туралы».
25 жыл ішінде Қазақстанда 500-ден астам мемлекеттік балабақша, 2 199 жеке балабақша пайдалануға енгізілген, 1500-ден астам жаңа мектеп салынған, бұдан бөлек, мектепке дейінгі тәрбиелеуге мемлекеттік тапсырыс заңнамалық түрде енгізілген, мектепке дейінгі міндетті дайындық енгізілген.
ҚР БҒМ-де халықаралық пән олимпиадаларында қазақстандық оқушылардың 1997 – алтын, 2889 – күміс және 4142 қола медаль жеңіп алғаны атап өтілді. Сондай-ақ, оқушылар жыл сайын халықаралық салыстыру зерттеулеріне қатысады. Бұдан бөлек, 23 764 мектеп түлегі «Алтын белгі» белгісін алды.
11 жоо-да және 10 колледжде ИИДМБ іске асыру үшін білікті кадрларды даярлау жүргізіліп жатыр. Қазақстанда бүгінгі күні 86 мамандық бойынша дуальды білім беру енгізілуде, бұл түлектерге жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді, ал ол жұмыссыздықты қысқартады. Осы ретте, 25 жыл ішінде 114 колледж ашылған.
Бұдан бөлек, ҚР БҒМ-де тәуелсіздік жылдары ішінде мектеп мұғалімдерінің жалақысы өскені атап өтілді. Мысалы, егер 1993 жылы мұғалімнің орташа айлық жалақысы экономикадағы орташа айлық жалақының 63,3%-ын құраса, 2016 жылы 72,6%-ын құраған.
Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тағы бір жаңалық электронды күнделік әзірлеу және енгізу болды. Қазіргі уақытта «kundelik.kz» пилоттық режимі 701 білім беру ұйымында жұмыс істейді, яғни оны 79 мың пайдаланушы пайдаланады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады