- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭК Кеңесі еуразиялық ықпалдастықты дамыту жөнінде бірқатар шешімдер қабылдады
ЕЭК Кеңесі еуразиялық ықпалдастықты дамыту жөнінде бірқатар шешімдер қабылдады
Отырысқа Армения Республикасының вице-премьер-министрі, халықаралық экономикалық ықпалдастық және реформалар министрі Ваче Габриелян, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Василий Матюшевский, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі Олег Панкратов, Ресей Федерациясының Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов, ЕЭК Алқа төрағасы Тигран Саркисян, ЕЭК Алқа мүшелері (министрлер) қатысты.
ЕЭК Кеңесі Сингапур Республикасымен еркін сауда аймағы туралы келісім жасау бойынша келіссөздер бастауды орынды деп таныды. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Одақ елдерінің Сингапурмен келіссөздері бірлескен зерттеу тобының жұмысы аяқталғаннан кейін басталады, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
«Әр түрлі елдермен сауданы дамыту Еуразиялық экономикалық одақ басымдығы болып табылады. Бұл салаларды әртараптандыру, көлік-логистикалық бағдарларын дамыту көзі», - деді А. Мамин.
ЕАЭО елдері Еуразиялық экономикалық комиссияға Вьетнамнан шығарылатын және Одақтың кеден аумағына әкелінетін тауарлар туралы ақпаратты ұсыну тәртібі бекітілді.
ЕЭК Кеңесі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің «Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асырылу кезеңдерін» бекіту жөніндегі шешім жобасын мақұлдады. Негізгі бағыттарды іске асыру Үкіметаралық кеңес бекітетін үшжылдық «жол карталары» негізінде жүзеге асырылатын болады.
Комиссия Кеңесі ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру нәтижелерін жыл сайын мониторингілеу және талдау туралы ережені бекітті.
Барлық қабылданған шешімдер еуразиялық ықпалдастықты одан әрі дамытуға бағытталған.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар