- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау облысында жыл басынан бері 3 мыңнан астам жаңа пәтер салынды
Атырау облысында жыл басынан бері 3 мыңнан астам жаңа пәтер салынды
Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар және тұрғындар жалпы ауданы 461,2 мың шаршы метр 3181 жаңа пәтер салды, ол 2015 жылғы қаңтар-қарашадан 0,5%-ға жоғары.
«2016 жылғы қаңтар-қарашада Атырау қаласы және Индер ауданынан басқа, облыстың барлық аудандарында тұрғын үйдің көлемі 2015 жылғы қаңтар-қарашадағы деңгейден жоғары: Құрманғазы ауданында – 2,1 есе, Жылыой – 23,2%, Махамбет – 16,5%, Қызылқоға – 9,7%, Исатай – 9,2% және Мақат – 7,7%. Салынған тұрғын үй көлемінің төмендеуі Атырау қаласында (7,4%) және Индер ауданында (20,6%) байқалды», - делінген хабарламада.
Облыста іске қосылған тұрғын үй көлемінде, Атырау қаласы (61,6%), Жылыой (16,1%) және Махамбет (5,1%) аудандары қомақты үлес салмағына ие.
Облыстағы тұрғын үй құрылысының негізгі қаржыландыру көзін құраған салушылардың меншікті қаражаты болды, іске қосылған тұрғын үйдің жалпы көлемінің едәуір бөлігін (79,7%) халық игеріп отыр.
Тұрғын үй құрылысының құны. 2016 жылғы қаңтар-қарашада халық салған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа құны 47,8 мың теңге (2015 жылғы қаңтар-қарашада – 48 мың теңге) болды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары