- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да кәсіпкерлердің 30 пайызын әйелдер құрайды (ФОТО)
ОҚО-да кәсіпкерлердің 30 пайызын әйелдер құрайды (ФОТО)
Кездесу барысында өңір басшысы Елбасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалуына тамшыдай болсын үлестерін қосып жүрген ханымдарға алғысын білдірді.
«Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысында қалыпты түрде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 175 мыңды құрайды. Ал сол кәсіпорындардың 30 пайыздан астамын нәзік жандылар басқаруда. Аталған көрсеткіш бүгінде әйелдердің кәсіпкерлік қызметімен айналысуға деген белсенділігін көрсетеді», - деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.
Айта кетейік, биыл «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында облысымызда 18 кәсіпкер әйел 39,5 миллион теңге көлемінде грант иеленіпті. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есеге артық көрсеткіш.
Биылдың өзінде «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы 386 кәсіпкер әйелге 1 млрд. 23 миллион теңге көлемінде несие беріпті. Сондай-ақ өңіріміздегі «Ontustik» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының филиалы барлық аудан-қалаларда жұмыс жүргізуде. Мұнда ісін жаңа бастағалы отырған кәсіпкерлер өз біліктілігін арттырып қана қоймай, бизнесті жүргізудің жаңа тәсілдерін үйрене меңгере алады. Осы орталықтарда оқыған тыңдаушылардың 40 пайызын әйелдер қауымы құрайды.
Облыс әкімімен емен-жарқын әңгіме барысында нәзік жандар өткендеріне көз жүгіртіп, алдағы жоспарларымен де бөлісті.
Кездесу соңында өңір басшысы нәзік жандарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бірқатар номинациялар бойынша сыйлықтар тапсырды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды