- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы мен Ташкент сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады
Алматы мен Ташкент сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады
Кездесу барысында мегаполис әкімі биылғы жылдың 10 айы ішінде Алматы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналымының өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 62%-ға артып, 200 млн. АҚШ долларын құрағанын, қалада 129 бірлескен және 236 өзбек кәсіпорындарының жұмыс жасайтындығын жеткізді.
«Алматы – бизнес пен жеке капитал қаласы, мұнда банктердің бас офистерінің 90% -дан астамы орналасқан. Сервис пен сауда ЖӨӨ-нің 86%-ын құрайды, биыл ШОБ-ті несиелеу 36%-ға өсті.Инвесторларды қолдаудың кешенді шаралары жүзеге асуда. Туристік кластерді дамытуға айрықша назар аударылуда, осы ретте Ташкенттің, жалпы Өзбекстанның тәжірибесі біз үшін пайдалы», - деді Б.Байбек.
Өз кезегінде Р.Усманов Алматының қолжетімді баспана салуда қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
«Қазақстанда қолға алынған «Қолжетімді баспана – 2020» өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл мәселе Ташкентте барынша акутальді, біз сөз жоқ, бірқатар механизмдерді өзімізге енгізетін боламыз», - деді ол.
Атап өтерлік жайт, осыдан бір ай бұрын Алматы әкімі Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Икром Назаровпен кездесу барысында өзбекстандық спортшыларды 2017 жылы өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға қатысуға шақырған болатын. Осы жақын күндері көрші республика спортшылары Ойындарға қатысатындықтарын растады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді