- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте 96 отбасы "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша пәтер кілтіне ие болды (ФОТО)
Шымкентте 96 отбасы "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша пәтер кілтіне ие болды (ФОТО)
Салтанатты шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қоныс иелеріне пәтер кілтін табыстады.
"Жаңа жыл қарсаңында қоныстанғалы отырған баспаналарыңыз құтты болсын. Бұл үйлерді мемлекет сіздерге делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсынып отыр. Ұзақ мерзімді жалға беріліп отырған баспаналардың сатып алу құны да арзан. Мемлекеттің осындай ігі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады",- деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.
Жаңа пәтерге жайғасқандардың басым көпшілігін көп балалы және мүгедек балалары бар отбасылар құрайды. Сондай-ақ, жаңа қонысқа қол жеткізгендердің арасында жетім балалар мен оралмандар, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері де бар.
Мұндағы тұрғын үйлердің әр шаршы метрі үшін жылдық төлем 900 теңгеден аспайды. 20 жыл мерзім аяқталғанда пәтерлер азаматтардың меншігіне айналады.
Жалпы, «Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы мен "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" іске аса бастағаннан-ақ «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» Шымкент қаласында 2541 пәтерді сатып алған.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді