- Басты
- «Болашақ энергиясы» байқауының жеңімпазы анықталды
«Болашақ энергиясы» байқауының жеңімпазы анықталды

Жел станциясы өтпе жел әсерін пайдаланады, оның есебінен қондырғы электр энергиясын оған ұқсас қондырғылармен салыстырғанда 30-50%-ға артық өндіреді. Республикалық байқау жеңімпазын «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Шорманов құттықтады.
«Біз үшін ел өңірлерінің барлығы дерлік, барлық ғалымдарымыз, жаңашылдарымыз белсенді қатысқан бұл байқау біздің елімізде инновациялардың дамуына қозғаушы күш болатындығы қуантады және оның үстіне 2017 жылы Қазақстанның ЭКСПО-2017 көрмесінің базасында аса ірі инновациялық алаңға айналатындығын атап өту көңіл сүйсіндіреді. Біздің отандық ғалымдарымыздың озық технологияларын бүкіл әлемге көрсетуімізге мүмкіндік туады, осы орайда бүгін ғалым Марат Исекеевті осы марапатымен құттықтау мүмкіндігі мен үшін үлкен құрмет. Оның жобасы отандық ғалымдарымыздың 28 жобасының қатарында ЭКСПО-2017 көрмесінің базасында, Қазақстан» павильонындағы «жасампаз энергия» аймағында таныстырылатын болады», - деді Е.Шорманов.
Байқауға барлығы жүзге тарта өтінім келіп түсті. Олардың арасынан сараптамалық комиссия 50 жобаны іріктеп алды, олар www.yourexpo.kz сайтына орналастырылды. Өнертапқыштар мен жаңашылдар арасындағы тартыс осы сайтта өтті. Сайтта орналастырылған жобалар үшін, жалпы алғанда, 55 мыңдай адам дауыс берді.
Байқау жеңімпазы туралы анықтама:
Исекеев Марат Мұхаметқалиұлы, техника ғылымдарының кандидаты, компьютерлік технология және логистика кафедрасының профессоры, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы жанындағы «G-Global» жастар штабының жетекшісі.
-
А. Цой: Қазақстанда COVID-19-дың жаңа үш штамы анықталды
-
COVID-19 әлемде: Францияда коронавирустың жаңа штамы анықталды, АҚШ-та антиденелері бар сәби дүниеге келді
-
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті
-
Strategy2050.kz бас редакторы «Үркер 2020» жеңімпазы атанды
-
Қазақстанда осы жылы 1950 заңсыз есірткі сату фактісі анықталды
-
Astana Hub: TechHub.kz платформасын әзірлеу бойынша конкурстың жеңімпаздары анықталды
-
2020 жылы «Болашақ» стипендиаты атанғысы келетін үміткерлер нені білуі тиіс
-
Журналистерге арналған "Аманат" және "Туған ел" байқауының жеңімпаздары анықталды
-
Үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды
-
Алматы облысы әкімінен covid-19 анықталды
-
Елімізде коронавирустың белгілері жоқ 339 тасымалдаушы анықталды
-
Шекара ашылған соң әуе рейсі қатынайтын 3 ел анықталды
-
Қазақстанда коронавирус 88 адамнан анықталды
-
Қазақстанда коронавирус 79 адамнан анықталды
-
Зайсан ауданында короновирус індеті анықталды деген ақпарат жалған

