- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы Астананың темір жол вокзалының мекемелері жаңғыртылады
2017 жылы Астананың темір жол вокзалының мекемелері жаңғыртылады
Осыған байланысты және елорда тұрғындары мен қонақтарынан шағымдардың көптеп түсуіне байланысты Астана әкімі теміржол вокзалында көшпелі кеңес өткізді. Сейсенбі күні кешке Әсет Исекешев вокзалға өзі барып, халықтың шағымдары жедел шешім қабылдауды талап ететініне көзі жетті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты әкім қоғамдық көліктің жұмысы үшін жауапты бірінші орынбасары Сергей Хорошунға 10 қаңтарға дейінгі мерзім ішінде вокзал маңындағы алаңды тәртіпке келтіруді тапсырды.
Әкім 2017 жылдың ақпан айында теміржол вокзалында халық шағымдарын ескере отырып, ғимарат ішінде қайта құрылыс жұмыстары басталатынын жеткізді. Жұмсақ орындықтар қойылып, балаларға арналған аймақтар бөлінеді, супермаркет, билет сату кассалары талапқа сай жетілдіріледі, ғимараттағы қауіпсіздік күшейтіледі. Жұмыстар келесі жылдың 1 сәуіріне дейін жүргізілуге тиіс.
10 қаңтардан бастап вокзал маңы алаңында ақылы паркинг іске қосылады, ол автокөліктерді тәртіпсіз қою мәселесінен арылтады. Паркингті оқу курстарынан өтіп, салық органдарында тіркелген аккредитацияланған такси көліктері ғана пайдаланатын болады. Әсет Исекешевтің айтуынша, осының бәрі жолаушылардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
«Келесі жылғы қаңтардың ортасынан бастап елорда вокзалы маңындағы алаң «сағат сияқты» жұмыс істейді. Сергей Хорошунға Көліктік бақылау комитетінің, мемлекеттік кірістер комитетінің, елордалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің өкілдерінен жұмыс тобын құрып, аумақта тәртіп орнатуды тапсырамын», - деді Әсет Исекешев.
Әкімнің айтуынша, күн сайын вокзал 40 мыңға дейін адамды қабылдайды (жолаушылар мен шығарып салушы адамдарды есептегенде) және жаңа теміржол вокзалы қолданысқа енгізілгеніне қарамастан, ескі вокзал барлық, соның ішінде, жайлылық бойынша да халықаралық стандарттарға сәйкес келуге тиіс.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы